Ақмола облысында 60-тан астам үйге су кірді

7 Сәуір, 18:35 394

Ақмола облысында тасқын қаупі сейілмей тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірде 60-тан астам үйге су кірген. Жағдай құтқарушылар мен тиісті орган мамандарының бақылауында.

Ал тасқын судың құрсауында қалған Ескі Колутон ауылының тұрғындары толық эвакуацияланбады.

Наурыз айынан бері өңірде 2,9 миллион текше метр су сорылған. Бұл шараларға 1400-ден астам қызметкер мен 330 техника бірлігі жұмылдырылған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: