Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Астана — Петропавл автожолының Щучинск маңындағы терминал аумағында 400-ден астам көлік, соның ішінде жеңіл, жүк көліктері мен қоғамдық көліктер кептелісте тұр.
Полиция қызметкерлері жолдардағы тәртіпті қадағалап, жергілікті билік өкілдері жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсетуде, - делінген мәліметте.
Ведомство азаматтарды сапардан бас тартуға, ауа райы болжамын бақылауға және Астана — Қарағанды, Астана — Қабанбай батыр — Теміртау, Астана — Ерейментау — Шідерті және Көкшетау — Атбасар бағыттары бойынша қозғалысқа қойылған шектеулерді ескеруге шақырды.