Ақмола облысында 39,3 мың гектар мемлекетке қайтарылды

14 Ақпан, 15:54 454

Ақмола облысында 39,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жері тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АШМ мәліметінше, Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Жер ресурстарын басқару департаментінің (ҚР АШМ ЖРБК) талабын қанағаттандырып, ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған 39,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін мәжбүрлеп қайтару туралы шешім қабылдады.

Тексеру нәтижесінде Ерейментау ауданының Сілеті, Ақсуат және Қойтас ауылдық округтеріндегі, оның ішінде 4 747 гектар егістік пен 34 425 гектар жайылымдық жер мақсатты түрде пайдаланылмағаны анықталды. Жер иесіне заңбұзушылықтарды жою үшін бір жыл уақыт берілгеніне қарамастан, ол қажетті шараларды қабылдамаған, - делінген мәліметте.

Апелляциялық инстанция шешімді өзгеріссіз қалдырды. Енді бұл жерлер тиімді пайдаланушыларға беріледі, ал олардың игерілуіне бақылау жалғасады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: