Ақмола облысында 21 жастағы өрт сөндіруші суицид жасады

10 Қыркүйек, 14:45 891

Ақмола облысының Степногор қаласында өрт сөндіру бөлімінің қызметкері өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлайды. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды», - деп түсіндірді Kazinform тлішсінің сауалына Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде бүгін Степногор қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің жатақханасынан өрт сөндіру бөлімінің аға инженерінің денесі табылғаны туралы жарияланған болатын. Онда 21 жастағы азаматтық қорғаныс лейтенантының асыл өлгені жазылған.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен оқиғаның болғанын растады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: