Ақмола облысы ел бойынша құс етін өндіруде көш бастап тұр

6 Желтоқсан 2023, 12:20 764

Биыл Ақмола облысы 10 айдың қорытындысы бойынша аймақта негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер негізінде оң нәтижеге қол жеткізілді. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аграрлық сектор ауыл шаруашылығы өндірісі аймақ дамуының басым бағыты болып табылады. Ақмола облысы жыл сайын еліміздің жоғары сапалы азық-түлік бидайының төрттен бір бөлігін өндіретін жетекші ауыл шаруашылығы өңіріне жатады. Өкінішке қарай, қолайсыз ауа райы жағдайлары егін науқанына кері әсерін тигізді. Соған қарамастан, диқаншылардың қажырлы еңбегінің нәтижесінде 3 милллион тоннадан астам астық жиналды, - дейді Марат Мұратұлы.

Марат Ахметжановтың айтуынша, бұл жиналған астық ішкі қажеттілігімізді толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Үкімет тарапынан зардап шеккен фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде.

Мал шаруашылығында ет өндіру 168 мың тоннаға дейін артты, 350 мың тонна сүт, 608 млн данадан астам тауық жұмыртқасы өндірілді. Өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін бірқатар жұмыс атқарылды, - деді әкім. 

Марат Мұратұлының сөзінше, мал басын арттыру арқылы 46 ет және 5 тауарлы-сүт фермасы құрылды. 7 арнайы тауарлы-сүт фермасын ашу жоспарда бар. Бұл қосымша 32 мың тонна тауарлы сүтті өңдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ аймақ ел бойынша құс етін өндіруде көшбасшылардың бірі болып табылады.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: