Ақмола мен Павлодар облыстарында жол қозғалысы шектелді

12 Қаңтар 2023, 13:41 919

Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлім етті

Ақмола және Павлодар облыстарында ауа-райы күрт нашарлап, боран мен көрінудің шектелуіне байланысты
автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі

"Астана-Ерейментау-Шідерті" тасжолының Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралығы;

"Астана-Ерейментау-Шідерті" тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралығы;

Жол қызметтері күшейтілген режимге көшірілді.

Трассаның жабылуы туралы хабарламаны елемеген тұрғындар үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 30 AEK немесе 103 500 теңге айыппұлдан 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы бар екенін еске саламыз.

Қосымша ақпарат алу үшін ҚазАвтоЖолдың тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына 1403 қысқа нөмірі бойынша қоңырау шалу қажет.

EL.KZ
Бөлісу: