Ақмарал Әлназарова экс-министр Ажар Ғиниятты қандай лауазымға жұмысқа алатынын айтты

27 Ақпан, 17:51 1450

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова экс-министр Ажар Ғиниятты қарамағына жұмысқа алуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сөзінше, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазіргі таңда уақытша демалыста жүр.

Қазір Ажар Ғиниятқызы демалысқа кетті. Демалыстан соң, жұмысқа оралуға дайын болса, бірден кіріседі деген ойдамын. Денсаулық сақтау саласында оның тәжірибесі жеткілікті, - деді министр Ақмарал Әлназарова.

Үкіметте өткен брифингте БАҚ өкілі министрден Ажар Ғиниятты нақты қай лауазымға бекітетінін сұрады.

Ол белгілі конкурстық негізде жүзеге асырылады. Нақты бір ұйым туралы айту мүмкін емес, - деп жауап берді денсаулық сақтау министрі.

Миражан Махан
Бөлісу: