Бүгін Алматы қаласының Ақкент ықшам ауданында өрттен зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Назгүл Иманғалиева зардап шеккендер жатқан ауруханаларды аралады.
Басқарма мәліметінше, өрт салдарынан барлығы 49 адам жарақат алған, оның ішінде екі ересек адам (№7 ҚКА), 15 бала (оның 9-ы - БЖМКО-да, 6 бала - №2 БҚКА-да) стационарлық ем алып жатыр. Басқалары ауруханаға жатудан бас тартқан.
Екі адам жансақтау бөлімінде жатыр: 35 жастағы жарақат алып, екі өкпесі соғылған. Одан қалды иістен уланған. Ал 19 жастағы қыз балаға бас-ми жарақаты қойылған.
Өкінішке қарай, 1992 жылы туған әйелді аман алып қалу мүмкін болмаған.
Бір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты.
Қалған ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы тұрақты.
Ауруханалардың қабылдау бөлімінде қажетті мамандарды тарта отырып, барлық науқасқа қажетті көмек көрсетілді, көрсетілген көмектен кейін 17 ересек және 14 бала тұрғылықты жері бойынша емханаға одан әрі амбулаторлық емдеуге жіберілді, - делінген мәліметте.