Ақбаян Нұрмамет Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

11 Ақпан 2023, 21:00 3064

Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс пен 1 қола медаль бар

Ақбаян Нұрмамет соңғы сәтте қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап. 

Астана қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионатында 18 жастағы отандасымыз Ақбаян Нұрмамет 1500 метрге жарыста қола жүлде жеңіп алды. Қазақстандық атлет бұл қашықтықты 01.06.04 секундта жүгіріп өтті.

Үздік нәтижені 26 жастағы вьетнамдық Нгуен Тхи Оан көрсетіп, өзіне алғашқы медальді сыйлады. Күміс жүлде жапониялық Юме Готоның еншісінде кетті. Тағы бір қазақстандық Мадина Керімова бесінші болып мәре сызығын кесті (4:24.09 секунд).

Қазір Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс пен 1 қола медаль бар.

EL.KZ
Бөлісу: