Аптап ыстық: Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

20 Шілде 2022, 08:25 2558

Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайтын болады.

Қазгидромет 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Солтүстік-батыс циклонының жырасы ҚР территориясының басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр, желдің күшеюін, солтүстік-батыста бұршақ, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл алып келетін болады. 

Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайтын болады. 

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі бар. 

Күндіз Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Жетісу облыстарының батысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық болады. 

Сондай-ақ синоптиктер Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады деп болжайды.

Бөлісу: