Аптап ыстық, жаңбыр, найзағай: 31 шілдеге арналған ауа райы

31 Шілде 2023, 08:30 1033

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметке сәйкес, тек республиканың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысында күндіз 35-42 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз 40°С қатты ыстық сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында, батыста, солтүстік-батыста, Батыс Қазақстан облысының орталығында өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атыраудың батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.

Берік Арманов
Бөлісу: