Аптаның негізгі фильмдері

10 Қазан 2014, 10:50

Аптаның негізгі фильмдеріне шолу

«Жұлдызаралық» (Interstellar)

Осы уақытқа дейін Кристофер Ноланның «Interstellar» киносының бірнеше трейлері шыққан. Бірақ трейлердің ең соңғы нұсқасы көрерменге жуықта ғана ұсынылды. Осы жылдың үздік киносы атағына лайықты.  Фильмнің желісі бойынша адамзаттың Жер ғаламшарында өмір сүруіне үлкен қауіп төніп тұр. Адамзаттың ары қарай сақталуына қажетті қорларды табу үшін ғарышкерлер мен ғалымдар жұлдызаралық саяхатқа шығады.

 

«Су іздеуші» (The water diviner) 

Басты рөлде Рассел Кроу түскен тарихи кино. 1919 жыл, Конор (Рассел Кроу) атты аустралиялық фермер соғысқа қатысқан үш ұлын іздеу үшін Түркияға келеді. Басты назарда Конордың шөлейт аудандарда су таба алу өнері. Оның жат елдегі саяхаты қалай аяқталар екен?

 

 

«Құдайлар мен патшалар» (Exodus:Gods and Kings)

Еврейлердің Мысырдан көшуі жайында түсірілген кино. Жиі қойылатын сюжет желісінің жаңа көзқараспен таныстырылуы. Аңыз бен тарихтың үйлесімі өткен күндерден сыр шертеді.

 

«Америкалық снайпер» (American sniper)

Клинт Иствудтың жаңа шығармасы. Кино көрермендерді бейжай қалдырмайтыны анық. Қару асынған баланы атып тастау керек пе, әлде америкалық сарбаздар өлімін көрген дұрыс па? Кез келген адам  ең ауыр таңдау. Ал Брэдли Купер сол таңдауды жасауы керек. Ирак соғысындағы америкалық сарбаздың қиын өмірін суреттейтін картина.

 

«Мен Әлимін» (I am Ali)

Әлемнің ең танымал боксшысы – Мұхамед Әлидің өмірі сюжет желісіне арқау болған. Әлидің жеке мұрағатындағы аудио материалдар және қыздары, ұлы, ағасы, әріптестерінің сұхбаттарының жиынтығынан жасақталған кино туынды. Бұрын ешқандай жерде жарияланбаған тың деректер көрермендерге ұсынылған.

 

«Автоматтар» (Automata)

2044 жылы болған оқиға. Адамдардың өмір жеңілдету және қорғау үшін роботтар кеңінен пайдаланылуда. Бірақ роботтардың өздерін дамытып, адамдардың бақылауынан шығу жағдайлары кездесе бастайды. Осы жағдайды тексерумен Антонио Бандерас айналысады. Бандерас жасырын өзгерістерді танып, түбінде жұмбақтың жауабын табады.  

 

«Жалғыз мүмкіндік» (One Chance)

Шынайы өмірден алынған оқиға желісі бойынша түсірілген көркем кино. Жастық шағынан бастап қиыншылықтар көріп өскен баланың опералық әншіге айналу жолы көрсетілген. Ол әрдайым өзінің арманының жетегінде жүрді. Соңында бүкіл Британияға танымал әншіге айналады. Бұл Пауль Поттс есімді уельстік азаматтың өмірбаяны. 

Бөлісу: