Апелляциялық сот Арыстанбек Мұхамедиұлының ісін қарады

21 Тамыз, 11:58 475

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына және онымен бірге сотталған басқа да адамдарға қатысты үкім аппеляциялық тәртіппен қайта қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық істі қарауды 21 тамызда Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы жүргізді.

Бірінші үкімге қорғаушылар, сотталушылар және олардың адвокаттары шағымданды.

Астана сотының сот алқасы шағымдардың дәлелдерін зерделеп, процеске қатысушыларды тыңдап, қылмыстық істің материалдарын зерттеп, сотталғандардың кінәсінің дәлелденгені туралы сот қорытындыларымен келісті. Бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз жоқ, - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: