Апат қайталанса қызметімнен кетуге дайынмын – энергетика министрі

12 Желтоқсан 2022, 13:13 1819

Энергетика министрі Болат Ақшолақов елдегі жылу электр орталықтарында болып жатқан апатқа бір адам ғана кінәлі емес. Бұл туралы Кеңейтілген Үкімет отырысының кулуарында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Егер, елде тағы да апатты жағдай орын алса қызметінен кетуге де дайын екенін айтты.

«Елдегі болып жатқан апатты жағдайларға бір адам немесе бір мекеме ғана кінәлі емес. Апаттық жағдайдың салдарын ескере отырып, комиссия жұмысының барысында мән-жайды толық қарау керек. Бұл мәселені бір күнде шешу мүмкін емес. Себебі, мұнда адамдық факторлармен қатар, құбырлар мен құрылғылардың азып-тозуы себепші болып отыр», - деді министр.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген Үкімет отырысында 6 өңірде болған апатты жағдайға байланысты энергетика министрлігінің жұмысына сөгіс айтқан болатын.

Миражан Махан
Бөлісу: