Аңыз қақпашы Буффон карьерасын аяқтамақ

2 Тамыз 2023, 13:10 876

45 жастағы италиялық қақпашы Джанлуиджи Буффон карьерасын аяқтамақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Танымал қақпашының агенті «Парма» клубының басшылығымен кездесіп, келісімшартты бұзу туралы әңгімелеспек.

Буффон карьерасын 1995 жылы «Парма» сапында бастап, алты жыл бойы осы клубта өнер көрсетті.

Оқи отырыңыз:

Сонан соң 2018 жылға дейін Туриннің «Ювентус» клубының қақпасын қорғады. Тағы бір жыл ПСЖ-да бақ сынады.

2010 және 2018 жылдар аралығында Буффон Италия құрамасының қақпасын күзетіп, капитандық қызметті қоса алып жүрді.

Буффон – әлемдік футболдағы рекордшы қақпашылардың бірі. Ол бес әлем чемпионатына (1998, 2002, 2006, 2010 және 2014) қатысқан. Ал 2006 жылы Германияда өткен мундиальдің жеңімпазы әрі чемпионаттың үздік қақпашысы атанды.

Кейінгі екі жылда ол «Пармаға» оралып, В сериясында 44 ойынға қатысты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: