Антонио Гауди

3 Қыркүйек 2014, 05:11

Болашақ сәулетші, данышпан - 1852-жылдың 25-маусымында, Каталонияның Реус қаласында, қолөнершінің үйінде дүниеге келеді.

Болашақ сәулетші, данышпан 1852 жылдың 25-маусымында  Каталонияның Реус қаласында қолөнершінің үйінде дүниеге келеді. Франсеска Гауди-и-Серра мен Антонии Корнет-и-Бертранның төрт баласының да денсаулығы өте нашар болып, екі ұлы бүлдіршін кездерінде-ақ көздерін жұмған. Сондықтан  бесінші болып туған Антонио Гаудиді тез арада шоқындырып, анасының құрметіне атайды.

Кішкентай кезінен бастап шорбуын ауруының ауыр түріне шалдыққан бала, өз құрдастарымен жүгіріп ойнай алмайтын. Оған отырып-тұрудың өзі ауыр түсетін. Сондықтан, әйгілі сәулетшінің балалық шағы жалғыздықта, үйінің  алдындағы ағаш түбінде өткен.

Ауруының кесірінен аурухана аралап үйренген нәресте  күндердің күнінде анасы мен дәрігердің сөзін естіп қалады. Дәрігер  баланың жақын арада көз жұматындығын айтқан болатын. Осы уақиғадан кейін Гауди анасымен бірге шіркеуге барған кезінде әулие Марияның алдында  тізе бүге алмайтындығынан басын ғана еңкейтіп: - «Осынша ұзақ уақыт өмір сүргенім үшін рахмет» - деп айтқан болатын.

Сәби кезінен бастап өмір үшін күрескен зерек бала, өсе келе сурет салғанды ұната бастайды. Ал мектеп бітіргеннен кейін сәулетші болуға бел буады. Ол табиғатты сүйіп, сұлулығына тамсанатын болғандықтан өз туындыларының әрқайсысын табиғатқа ұқсатуға тырысатын болады және данышпан түзу сызықты ұнатпайтын. Оның ешбір ғимараты түзу болмаған. Өйткені Гаудидің өз сөзімен айтқанда: - «Табиғатта түзу сызық жоқ. Түзу сызықты адам ойлап тапқан» деген.

Гауди оқу бітірер кезінде  оның ұстаздары: «Ол немесе данышпан, немесе есі ауысқан» - деп, айтқан екен.

Гаудидің алғашқы жұмыстарының бірі Каса Висенс үйі. Бұл  оның өнер жолындағы алғашқы үйлерінің бірі болғандықтан  ғимараттың қабырғалары да түзу...

Каса Висенс күйіктас фабрикасының иесі болғандықтан  оның үйі де күйіктастармен әшекейленген. Бірақ, осы ғимараттан кейін  сәулетші  біреудің айтқанын емес, өзінің қалайтын ғимаратын салғысы келетінін түсінеді. Бірақ  ол үшін қаражат керек болды. Ал Гаудидің мінезі өте қыңырлы болатын.

Сәті түсіп Гауди, Эусебио Гуэль деген қалталы адамды кездестіреді. Екеуі дос болып та кетеді. Гуэль болса Гауди шығармашылығына ешқандай шектеу қоймайтын. Ал сәулетші, досына арнап 127 бағаннан тұратын саябақ салып береді. Ол бүкіл әлемге танымал – «Гуэль саябағы».

Гаудидің тағы бір таңқалдыратын ғимарттарының бірі – «Каса Батло» үйі.

Ең әйгілі, ең танымал ғимараты – «Sagrada Família»

Гауди  Барселонаның ең ғажайып сәулетшісі. Осы ғимараттар Барселона қаласын ертегі әлеміне айналдырғандай... Данышпан болса, 1926 жылдың 7 маусымында трамвай жолында қаза табады...

Бөлісу: