Антикордың өңірлердегі басшылары әлеуметтік желіге тіркелді

21 Қаңтар 2023, 11:41 1038

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы мәлім етті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департаменттері басшыларының қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын, сондай-ақ ашықтық пен есептілікті сақтай отырып, Facebook әлеуметтік желісінде басшылардың жеке аккаунттары ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

«Өңірлік департаменттердің басшылары есептік баяндамалар кезінде цифрлық көрсеткіштерді пайдаланбайды. Тек нақты істер, халықтың өзекті мәселелерін шешу, залалдың алдын алу. Жаңа тәсіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін», - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов.

Желінің әрбір пайдаланушысы тиісті басшыға хабарласып, өз сұрақтарын қоя алады.

EL.KZ
Бөлісу: