Антикор Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу бастады

1 Шілде 2022, 18:19 1130

Қызметкерлер жемқорлық фактісі бойынша тергеліп жатыр

Антикор мемлекеттік кәсіпорын ғимаратын төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісін тергеуде, деп хабарлайды El.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты Алматы қаласындағы «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК-ның ведомстволық бағынысты ғимаратын мемлекет мүддесіне ауыр зардаптарға әкеп соққан үлестес заңды тұлғаның пайдасына төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Бөлісу: