Антикор жемқорлыққа барды деген күдікпен тағы екі шенеунікті ұстады

19 Сәуір, 09:47 870

«Алматы Су» бас директорының орынбасары және Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен «Алматы Су» ШЖҚ МКК бас директорының орынбасарыy әшкереледі.

Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 млн теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 миллион теңге алған, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұстады.

Антикор күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, аталған істер бойынша тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: