Антикор жемқорлардың тізімін жариялауды ұсынды

4 Маусым, 18:11 429

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеген мына заң жобалары Мәжілісте қаралып жатыр:

«Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

Түзетулердің басым бөлігі жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған.

Тұрмыстық жемқорлықты жою бөлігінде банктердің, жоғары оқу орындарының, ауруханалардың, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметкерлерінің бопсалау арқылы заңсыз сыйақы алу фактілерін ашудың тиімділігін арттыру бойынша түзетулер көзделген. Қылмыстық кодекс сыйақыны заңсыз бергені үшін жаңа баппен толықтырылады. Бұл тек алушыларды ғана емес, пара берушілерді де жауапқа тартуға мүмкіндік береді.

Қазір аталған заң жобасы Мәжілістегі жұмыс тобында қаралып жатыр. Топтың құрамында депутаттар, мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері бар.

Аталған заң жобалары жұмыс тобының мүшелері енгізетін түзетулерді ескеріп жетілдіріледі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: