Антикор ШҚО-да туризмге бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылғанын анықтады

Кеше, 17:06 367

Шығыс Қазақстанда туризм саласына бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаменті тексеру жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірде туризм саласын субсидиялау саласына сыртқы талдау аяқталды. Тексеріс барысында 2022 жылдың қаңтарына дейін пайдалануға берілген нысандар бойынша шығындарды негізсіз өтеу фактілері анықталды. Кәсіпкерлер бірнеше жыл бұрын салынып қойған туристік нысандарға субсидия алған. Бұл мұндай төлемдердің дұрыстығына үлкен күмән тудырады, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов.

Субсидия алу үшін ұсынылған деректердің дұрыстығын тексеру тәртібінде де олқылықтар анықталған.

Соның салдарынан бюджет қаражатын негізсіз жұмсау тәуекелдері туындап, мемлекеттік қолдаудың тиімділігі төмендейді, – дейді Денис Шакенов.

Перизат Саденова
Бөлісу: