Антикор экс-вице-министрге қатысты тергеуді аяқтады

31 Шілде 2023, 15:02 1084

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Т.Тоқтабаевқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол Қостанай облысындағы қатты пайдалы қазбалардың (никель және кобальт) ірі қорлары анықталған «Шевченковское» кен орнын барлау сылтауымен аффилиирленген тұлғаларға аукционсыз заңсыз берген деп айыпталуда.

Оқи отырыңыз:

Нәтижесінде оның бақылауындағы компания қол қою бонусының ең төменгі құнымен өндіруге дайын кен орнын алған.

Өзінің әлемдік қорлары бойынша бірегей никель және кобальт түріндегі қатты пайдалы қазбалар 100 млн тонна 5,7 трлн теңге сомасына бағаланады. Тергеу барысында қабылданған шаралармен аталған кен орны мемлекет пайдасына қайтарылды, - делінген мәліметте.

Бас прокуратура айыпталушы Т.Тоқтабаевты сотқа берді.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: