Антикор басшысы Литва Республикасының Елшісімен кездесті

5 Шілде, 20:37 558

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Асхат Жұмағали Литва Республикасының Қазақстандағы Елшісімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Антикор басшысы Эгидиус Навикаспен екіжақты кездесуі барысында екі елдің жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы өзара ынтымақтастығы мәселелері қаралды. 

Ведомство мәліметінше, Асхат Жұмағали өз сөзінде литвалық әріптестерін елімізде жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы реформалармен, Агенттік қызметінің негізгі бағыттарымен, оның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырумен, мемлекеттік қызметтерді цифрландырумен, заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі шаралармен және Қазақстанда инвесторларды қорғау мәселелерімен таныстырды.

Литваның жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәжірибесін зерделеуге және пайдалануға, сондай-ақ осы саладағы бірлескен жобалар мен елдеріміздің елшіліктерінің ведомствоаралық және мемлекетаралық деңгейлерде жәрдемдесуіне қызығушылық білдірілді.

Литва Республикасының Елшісі Қазақстан қабылдап жатқан реформалардың, оның ішінде жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі жүйелі және кешенді шаралардың маңыздылығын атап өтіп, консультациялық-практикалық тәжірибе алмасуды белгілеуді ұсынды. Сонымен қатар Эгидиус Навикас екі елдің жемқорлыққа қарсы ведомстволары, атап айтқанда, Литва Республикасының Арнайы тергеу қызметі арасындағы әріптестік қатынастарды дамыту перспективаларына сенім білдірді.

Тараптар жемқорлыққа қарсы бірлескен жобалар мен бастамаларға өзара қызығушылық танытты.

Перизат Саденова
Бөлісу: