Антикор Астана әкімдігінің басқарма басшысын ұстады

14 Қараша 2023, 09:25 680

Астананың отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі растады.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Сот санкциясымен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген Антикор мәлімдемесінде.

Елордалық соттың баспасөз қызметі 2023 жылдың 11 қарашасында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктінің үстінен екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялағанын хабарлады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: