Антикор АШМ комитет басшысы пара алған сәтті көрсетті

5 Қараша, 18:34 457

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, ол кәсіпкерлік субъектісінен 4,4 млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда, яғни шегірткеге қарсы пестицидтерді жеткізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты құнының 5%.

Соттың санкциясымен лауазымды тұлға мен кәсіпкер үй қамағына алынды. Биылғы 31 қазанда Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: