Антикор Алматының жер телімдерін тексеруді бастады

1 Шілде 2023, 11:42 856

Антикор Алматының жер қатынастары саласындағы жүйелі жемқорлық қылмыстық істерін тергеуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының жер қатынастары саласындағы жүйелі бұзушылық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.

Мемлекет қажеттілігі үшін әкімшілік тарапынан жер учаскесін сатып алғаны үшін жеке басына 45 млн теңге сомасында пара алған қалалық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Соттың санкциясымен ол қамауға алынды.

Тергеу сонымен қатар осы басқарманың лауазымды тұлғалары аффилиирленген бағалаушының көмегімен жеке жер иелерінің мүддесі үшін мемлекеттік сатып алуға жататын 8 учаскенің құнын негізсіз көтергені анықталды.

Нәтижесінде мемлекет осы учаскелердің иелеріне шамамен 7,5 млрд теңге артық төлеген.

Бұл ретте бағалаушының бір объект үшін көрсетілетін қызметтерінің құны 2021 жылы орташа есеппен 68 теңгені және 2022 жылы 10 теңгені құраған.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзушылықтар Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының қызметінде де анықталды.

Басқарманың лауазымды адамдары мемлекет мүддесіне қайшы, жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаскелерде коммерциялық мақсатта 11 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын келіскені анықталды.

Нәтижесінде мемлекетке аталған жер учаскелерінің жалпы сомасы 760 млн теңгеден астам төленбеген кадастрлық құны түрінде залал келтірілді.

Барлығы 470-тен астам жер учаскесі тексерумен қамтылды.

Жер қатынастары саласындағы жүйелі жемқорлықты анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәселе көтеріп, жеке меншікке өтіп кеткен жер телімдерін тексеруді талап еткен еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: