Антикор алаяқтар туралы тағы да ескертті

3 Қазан, 22:10 424

Антикор мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар ашып, жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы тағы да ескертеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Алаяқтар антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасауда және жолдауда.  

Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз. Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз,-делінген агенттік мәліметінде.  

Перизат Саденова
Бөлісу: