Әнші Сүндет Байғожин десантшылармен кездесті

9 Сәуір 2023, 11:25 1191

Вокалист ән айтуға қабілеті бар сарбаздармен бірге ән шырқап, бейнероликке түсті

Елорданың десанттық-шабуылдау бригадасында демалыс күні әлемге әйгілі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин мерзімді қызметтегі сарбаздармен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Атақты әнші Сүндет Байғожин әскери қызметшілерге өзі жайлы және үлкен сахнаға қалай келгені туралы айтып берді. Ол Қостанай облысының Арқалық қаласында дүниеге келген, Қазақ ұлттық музыка академиясын бітірген. Италияның Йези қаласында тағылымдамадан өтіп, Озима қ. Accademia  D'Arte Lirica опералық ән айту курсын бітірген.

Әскери бөлімде Сүндет Байғожин элиталық әскерлердің қызмет ету шарттарымен танысып, оларға арнайы әлемдік классика жауһарлары мен танымал заманауи хиттерді орындап берді. Әсіресе көрермендерге «Отан» әнінің шырқалуы ерекше әсер етті. Оның керемет дауысы Отанды қорғауға әрқашан дайын жауынгерлердің рухын асқақтатты.

EL.KZ
Бөлісу: