Өнер иесі отбасындағы қуанышты "Дастархан" бағдарламасында жария етті. Шаһизаданың төртінші немересі дүниеге келіп, атын өзі қойғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төртінші рет әже атанып, қуанып жатырмын. Әмір деп атын қойдым. “Дастархан” бағдарламасының жайған дастарханын көріп, бесік тойымды ойлап отырмын. Бұйырса алда үлкен тойымыз бар, - деді Шаһизада.
Айта кетейік, бұған дейін әнші бейтаныс жігіттің хатын жариялап, тұрмысқа шығуға ұсыныс түскенін айтқан еді.