Әнші Мәдина Сәдуақасова алғаш рет ашуға ерік берді

22 Қараша 2023, 18:40 22099

Әнші Мәдина Сәдуақасова Instagram парақшасында жағымсыз пікір жазатын оқырмандарына жауап берді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Әншінің айтуынша, бүгінге дейін негатив жазатын хейтерлердің ешқайсысын қара тізімге жібермеген.

Хейтерлерге жолдау! Дәл қазір, мен өзіме бір рет болса да жағымсыз комментарий жазған жандарға сұрақ қойғым келеді. Не үшін жағымсыз пікір жаздыңыз? "Мадина осы уақытқа дейін біреуіне де кері жауап қайтармады, тіпті , блокқа да қоймайды" деп, тоқтамай жылдар бойы жазатындар бар. Еті үйреніп кеткен-ау, - деп жазды әнші.

Мәдина Сәдуқасова өзіне жағымсыз пікір жазатындардың өміріндегі сәтсіздіктерге кінәлі емесін айтқан.

Құрметті менің хейтерлерім, өміріңіздегі сәтсіздіктерге, ашуыңызға әнші Мадина Садуақасованың еш қатысы жоқ. Соның бәрін сізді ренжіткен адамға айтыңыз, жеңілдейсіз! Немесе бұл жаман әдетті қойып (маған негатив жазуды) немесе басқа адамды табыңыз! Ал мен өзімді қолдайтын, шығармашылымды жақсы көретін, құрметтейтін, жаны ашитын, мейлі, кейде дұрыс сын (негатив емес) айтатын жақсы адамдармен өмірде қалғым келеді. Кім айтты Instagram өмір емес деп, - деп түйіндеді сөзін.

Айта кетейік, әншінің жазбасы кезекті рет сынның астында қалғаны туралы жазған едік.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от МАДИНА САДВАКАСОВА (@sadvakasovamadina)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: