Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Астанадағы Жастар театрының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Досымжан Таңатаров 1975 жылы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген.
«Мәдениет қайраткері», «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері».
Ол 2000 жылдан бастап ҚР Республикалық гвардиясында, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі ансамблінің солисті, Президент оркестрі жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2021 жылдан бастап Жастар театры директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
Айта кетейік, бұған дейін Жастар театрын актер Әділ Ахметов басқарған еді.