Анна Данилина жұптық сында Гамбург жарысының жеңімпазы атанды

30 Шілде 2023, 17:55 743

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі теннис федарациясына сілтеме жасап. 

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші мен ресейлік Александра Панова финалда чехиялық Мириам Колодзиэева – америкалық Анжела Куликовамен бас жүлдені сарапқа салған болатын. 

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:4 есебімен басым түсті. Ал екінші сетте де 3:1 есебімен алға шықты. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүлт кеткен жоқ – 6:2 есебі тіркеліп, отандасымыз жеңіс тұғырынан көріне алды. 

Асқар Таудай
Бөлісу: