Анна Данилина Қытайдағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды

Кеше, 22:11 161

Жұптық разрядта Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериясы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Отандасымыз ресейлік Ирина Хромачевамен бірге турнир финалында жеңіске жетті. Екі сетте олар АҚШ-тан келген жұп Айша Мухаммад пен Джессика Пегулаларды жеңді. 

Матч 6:3, 7:6 есебімен аяқталды.

Перизат Саденова
Бөлісу: