Анна Данилина Италиядағы турнирде топ жарды

9 Маусым, 04:32 430

Әлемнің 57-ші, жұптық сында еліміздің бірінші ракеткасы Анна Данилина Бари (Италия) челленджер турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұптық сында жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген А.Данилина — ресейлік Ирина Хромачева финалда италиялық Анджелика Морателли және мексикалық Рената Сарасуамен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-ресейлік жұп екі партияда жеңіске жетті – 6:1, 6:3. Матч 1 сағат 5 минутқа созылды.

Зарина Арман
Бөлісу: