Депутат мандатын тапсырған Анна Башинская Amanat партиясынан да шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы депутат Елнұр Бейсенбаев Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты.
Анна Башинская партия мүшелігіне жаңадан келген. VIII шақырылымда мәслихатта депутат болдыған. Иә, абайсызда қателікке жол берді. Оны мойындады. Әлеуметтік желіде пікірін білдірді. Мандатын өткізу туралы шешім қабылдап, депутаттықтан кетті, - деді Елнұр Бейсенбаев.
Оның айтуынша, партия саяси организм болғандықтан ондай қателіктер болуы мүмкін.
Ол партияның репутациясына нұқсан келтірді деп айта алмаймын. Партия халықаралық істерге араласпайды. Өзге мемлекеттердің президенттерінің мәлімдемелеріне біз пікір білдірмейміз. Бұл – тікелей Amanat партиясының позициясы, - деді депутат.
Фракция жетекшісі Анна Башинскаяның депутаттық мандатын өткізіп қана қоймай, партия қатарынан да шығарылғанын атап өтті.
Бұған дейін Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымындағы «Аманат» партиясынан сайланған депутаты Анна Башинская Украинаның Қырымды өз бақылауына қайтарғысы келетініне қатысты екіұшты пікір айтқан болатын. Сондай-ақ жіберген қателігі үшін партияластарынан кешірім сұрап, депутаттық мандатып қайтару туралы шешім қабылдады.