Анкарадан Астанаға автобуспен шыққан түрік саяхатшылары Ақтауға жетті

2 Қыркүйек, 04:31 534

Өткен айда Анкарадан Астанаға қарай бағыт алған түрік саяхатшылары Ақтауға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Идил және Бурак есімді ерлі-зайыпты 2 жасар ұлымен бірге Түркиядан 12 тамызда шыққан. Олар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өз көзімен көру үшін елімізге арнайы келе жатыр. Шағын автобусты алыс сапарға арнап жабдықтаған. Қазақ жерінде жүрген жиһанкездер өздеріне көрсетілген сый-құрметке дән риза. 

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тұрақты жанкүйеріміз. Биылғы ойын бауырлас қазақ елінде өтетінін естіп қуандық. Келіп қатысуға Қазақстан туризм министрлігінен рұқсат алдық. Шағын автобус сатып алып, ішін алыс жолға айлы етіп жабдықтадық. Көлігіміз атауын жақсы ырымға балап «Көшпенді» деп қойдық. Бүгін атажұртымызда қонақасы жеген соң Астанаға қарай шығамыз. Сапарымыздың көңілді әрі есте қаларлықтай өтіп жатқанына қуанып келеміз, - деді саяхатшы Бурак Дуран.


Перизат Саденова
Бөлісу: