Ангелина Лукас UBO International белбеуінің иегері атанды

23 Қазан 2022, 03:19 1468

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас кәсіпқой мансабындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz.

Ол Стамбулда (Түркия) өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, украиналық Алена Гурьевамен (1-2, 0 КО) кездесті. Жекпе-жек әрқайсысы екі минуттық сегіз раундқа жоспарланған және екінші раундта қазақстандықтың мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Лукас бәске тігілген UBO International белбеуін жеңіп алды.

Бөлісу: