Анасынан айырылған Жәнібек жан тебірентерлік жазба жариялады

19 Шілде, 16:02 8358

Асырап алған анасынан айырылып қалған Жәнібек қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол әлеуметтік желіде жақын арада туған анасын табатынына үміттенетінін жеткізді.

Менің қымбатты достарым. Менің туған Отанымдағы достарым. Менің асырап алған анам қайтыс болды. Менің көңіл күйім дұрысталған уақытта, соңғы бірнеше айда не болғанын баяндайтын кеңейтілген бейнеролик түсіремін. Ал әзірге… мені асырап алған анам Валеридің көкте мәңгі жанатын жұлдыздай мәңгі өмірі басталды деп үміттенемін. Сіздердің қолдауларыңызбен мен жақында туған анамды табамын деп үміттенемін…, – деді ол желіде.

Еске салайық, екі күн бұрын Жәнібекті асырап алған анасы көз жұмғанын айтқан еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: