Анасы екі жасар баласын сірке суын ішкізіп, өлтірмек болды

14 Қазан, 13:22 2137

Ресейдің Мәскеу облысында 26 жастағы әйел адам екі жасар сәбиіне сірке суын беріп, өлтірмек болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

Үш ай бұрын көңіл жарастырып жүрген ер адамның үйіне Тәжікстаннан көшіп келген әйел баласын өлтіруге тырысқан. Ол дүкеннен 70% сірке суын сатып алып, оны сәбиінің бөтелкесіне құйып қояды. Бала сұйықтықты байқамай ішіп қойғаннан кейін өзі де 1-2 рет ұрттаған.

Олар ішкі ағзасын қатты күйік шалып, ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: