Ана мен сұлулық күні

7 Сәуір 2018, 01:30 2635

Қостанайда  «Эребуни» армян этно-мәдени бірлестігі Ана мен сұлулық күнін атап өтті. Арменияда 7 сәуір ерекше күн болып саналады. Дәл осы күні 8 наурыздан басталған «Ана мен сұлулық күніне» жалғасқан мереке салтанатты түрде аталып өтілген «Месяц Восхваления женщин» мерекесімен аяқталады. Қостанай облысында тұратын армяндар да бұл  дәстүрді құрметтейді. Биылғы жылы  «Эребуни» ЭМБ  осы жарқын мерекені облыстық филармонияда атап өтті.

Зал халыққа нық толы болды, кірген әрбір әйелге  әдемі раушан  мен тәттілер сыйға тарту етілді. Барлық әйелдер әдемі, бақытты, сүйкімді болды. Олар күлімсіреген түрде тамаша көңіл-күймен қарсы алды.

Концерттік бағдарламаны  «Индиго» ансамблі орындаған қазақ биі  ашты.

Содан соң,  армян этномәдени бірлестігінің ең кішкентай өкілдері сахнаға шықты. Балалар клоундар биін биледі. «Миасин» жастар қанатының қатысушылары тосын сый дайындады. Хореограф Тереза Меликьянның жетекшілігімен,  олар армян халқының биі мен лезгинка  биін  биледі.

Армениядан келген әртістер  Мигран  Царукяна,  Акоба Акобяна және Армен Оганесянның өнерлері тосын сый болды.

Михран – Арменияның ең танымал әншісі. Іс жүзінде оның барлық әндері -  Арменияда хит болып саналады, музыкалық чартында бірнеше  рет  жүлделі орынды иеленген. Әнші сахнаға шыққанда, жиналған жұрт ду қол шапалақтап қарсы алды. Қыздар қауымы әуенді тыңдап,  қуана би  билеп, онымен бірге қосылып ән айтты.

Акибян мен  Оганесян дуэт болып ән шырқады. Жастар да  Армениядағы танымал әншілер болып табылады.

– Бұл біздің Қостанайға алғаш келуіміз. Қала бізге қатты ұнады. Барлық сұлулығын көру үшін, қалаға жазда келгіміз келеді. Сіздердің астаналарыңыз- Астананы да көргіміз келеді. Арменияда қазірдің өзінде күн жылы, көктем. Армения үшін Ана мен сұлулық күні өте маңызды мереке болып табылады. Біз бір ай бойы отанымызда  өз  аналарымызға, әпкелерімізге, әжелерімізге құрмет көрсетеміз. Бұл көктем айы оларға арналғандай.  Ал, 7 сәуір күні  бүкіл Арменияда концерттер өтеді, әйелдерге сыйлықтар, гүлдер сыйланады. Бүгін біз өзімізбен бірге Арменияның бір бөлігін алып келдік , - деді өз сөзінде Акоб және Армен.

Дуэт өз әндерімен залды жарықтандырды, жанкүйерлер тек ән шырқап қана қоймай, сонымен бірге би билеп, көп адамдарды өздерінің билеріне  еліктірді. Осылайша, армяндар ұлттық мерекені осыншама оң және ашық түрде атап өтті.

Бөлісу: