19 Тамыз 2014, 06:10
– camisiale, арабша – kamis, ал французша – camisole деп аталады. Татарлар мен башқұрттарда К. күнделікті киім ретінде қолданылып, камзул, бишмәт деп аталса, қырғыздар кемзел, бешмант, келтече деп атаған. Кейбiр түркі тiлдерiн зерттеушiлер «камзол» мағынасындағы кәзекей сөзiнің башқұрт, татар тiлдерiнен енгендігін айтады.
Камзол пішу. Ұзақ жылдар бойы жинақталған зерттеулер мен деректерге сүйенсек, олардың пішілуі Қазақстанның барлық аймағында бірдей, яғни кебенекше ойып пішіледі (қ. Кеудеше; Көкірекше).
Бешпенттің жағасы тік жағалы болып келсе, К. көбінесе ойма жағалы болған. К.-дың жеңі көбінесе ойылып пішіледі, кейде қондырма жеңді болады. К.-дың алдыңғы бойы қаусырылмайтын, яғни алды айқаспайтын етіп пішіледі. Алдына қапсырма, түйме тағылады.
Камзолдың тігілуі. К. жалпы түркі халықтарына тән киім болғандықтан, оның тігілуі ХІХ ғ.-дың ортасына дейін қазақ, қырғыз, татар, башқұрт елдерінде өте ұқсас болды. К.-ды барқыт, пүліш, жібек, гүлді мақпалдан, атластан, шұға, мауыты т.б. маталардан безендiрiп тіккен. Жүн тар- тылып, аң терісінен астарланып тігілетін түрлері де болады. Көбінесе, оның тысы мен астары арасына «бидайы» ата- латын шүберек салынады (қ. Бидайы). К.-дың ұзындығы әйелдердің жас ерекшелігіне қарай әртүрлі болып келеді. Орта және егде жастағы әйелдер бір түсті шымқай, қызыл, көк, жасыл, қара түстiң бірін таңдап, киген.
ҚР МОМ қорындағы (КП 13132/а) орта жастағы әйелдерге арналған К. көгілдір барқыттан тігіліп, шыт мата- мен астарланған. Жағасы оймалы, екі бүйірінен шабуланған. Ойма жағасы мен өңіріне, етегіне оқа бастырып, белі мен етегіне шашақ тігілген.
ҚР МОМ қорында сақтаулы (КП 9634) К. көгілдір қалың барқытпен тысталып, қара көк түсті сәтенмен астарланған. Ойма жең, етегінің екі жағына үшкіл шабылғандықтан тра- пеция тәрізді. Екі иінінен бастап өңірі мен етегін айналдыра оқа бастырылған. Сол жақ өңірінің ішкі жағына төс қалта салынған. Екі жерінен екі торсылдақ түйме және ілгешек қадалған (жалпы ұз. 74 см, қолтық ойындысы (айнала) 44 см, екі иіннің аралығының ені 32 см, етегінің шалғайы 163 см, өңірінің ені (етегінде) 46 см).
Жас қыздарға арналған К.-ға көбінесе ашық түсті мата таңдап, жағасына, етегіне зер, кестелі немесе жапсырма өрнектер жүргізіп қысқа, шолақтау етіп киген. Қыздар К.- ының белі міндетті түрде қыналып тігіледі. Белдің қыналып тігілуі жастардың дене бітімін аша түседі, тал шыбықтай немесе құмырсқа бел теңеулері қыз К.-ының осындай пішіміне қарай айтылған. Сән қуған жастар К.-мен бірге тақия, етіктің де түсін бірыңғай етіп киюге тырысқан.
Камзолдың әшекейленуі. К.-ды әшекейлеудегі жергілікті ерекшелік туралы И.В. Захарова, Р.Д. Ходжа- ева оңтүстікте К.-дың жағасы, өңірі мен белдегі тігісіне моншақтап тізілген күміс теңгелер тағатынын, ал Жетісуда теңгені бір-екі қатар етіп тақса, басқа өңірлерде К. жиегі мен белін шашақты таспамен сәндейтіндігін, Көкшетау өңірінде оның өн бойына көлдеңінен қатарластыра 2-3 дана күміс теңге тағу кең таралғандығын атап өтеді. Батыс Қазақстан өңірінде К.-дың жағасы, өңірі, етегіне шымқай ақ түсті моншақтармен ою-өрнектер салынады. Сонымен қатар, К.-дың алдыңғы екі өңіріне кесте тігіліп, күміс қапсырмалар таққан.
ҚР МОМ қорындағы (КП 5934) К. бетіне гүл, жапырақ бедерленген көк түсті паршадан тігіліп, сұр сәтенмен астарланған. Пішімі кең етек, қынамабел. Сол жақ өңірінің ішкі жағында жапсырма қалтасы бар.
Жағасы мен өңіріне және жеңінің аузына айналдыра қызыл сары оқа бастырған. Жалпы ұз. 81 см, қолтық ой- ындысы (айнала) 58 см, екі иіннің аралығының ені 36 см, етегінің шалғайы 171 см.
К. – әйелдердің күні бойы үй шаруасымен айналысу- ына, жұмыс істеуіне, бойын жылы ұстауына өте қолайлы киім. К.-дың алдыңғы өңірі бір-бірімен айқаспай беттесіп тұрады, оған ілгекті-ілмекті қапсырма қадалады, кей жерде ақ тана тақса, кейде әшекейлі күміс, не болмаса қарапайым металл түймелер тағылады.
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлi жүйесi.