Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин қосылған құн салығына қатысты бірнеше ұсыныс айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министр қосылған құн салығына бойынша мына тетіктерді ұсынды.
Жалпы белгіленген мөлшерлеме – 16%, ауыл шаруашылығы кешенін ҚҚС-тан толық босату, белгілібір салалар үшін 10% мөлшеріндегі аралық мөлшерлеме енгізу. Неліктен 16%? ҚҚС – бюджетті толықтырудың негізгі көздерінің бірі екенін түсіну маңызды. ҚҚС мөлшерлемесін арттыру және саралау бюджеттің құбылмалы мұнай кірістеріне тәуелділігін азайтуға және басым мемлекеттік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндікбереді, – деді ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
Ведомства басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін ҚҚС-тан босатуды ұсынды.
Бүгінде шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейді – бұл тәртіп сақталады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші заңды тұлғалар бюджетке төленуі тиісҚҚС-тің 30%-ын төлейді. Болашақта олар бұл салықтан толық босатылады. 10% мөлшерлеме – оны кімдер қолданады? Бұл мәселе қосымша талқылауды қажет етеді. Біздің ұсынысымыз – денсаулық сақтау саласы үшін төмендетілген мөлшерлеме белгілеу. Сонымен қатар, қосылуы тиіс басқа да қызмет түрлері бойыншаұсыныстарды сіздермен бірге қарастыруға дайынбыз, – деді Азамат Әмрин.
Неліктен 10% мөлшерлемесі ғана қарастырылып отыр?
Бұл ең алдымен әкімшілендірудің күрделілігіне байланысты. Көптеген мөлшерлемелер болған жағдайда бухгалтерлік есеп жүргізу қиындайды, декларациялау процесі күрделене түседі. Бұған жолбермеу үшін біз 16%, 10%, 0% мөлшерлемелері мен салықтан толық босату тетігін ұсынамыз. Осы өзгерістерді жан-жақты талқылап, тиімді әрі оңтайлы шешімқабылдаймыз деп сенемін, – деді.