Әмір Зәкіров брейкингтен халықаралық турнирде топ жарды

25 Ақпан 2023, 16:10 968

Жарысқа 48 елден 180 спортшы қатысты

Қазақстандық Әмір Зәкіров брейкингтен халықаралық рейтингтік турнирде топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап. 

Қазақстандық Әмір Зәкіров (B-Boy Amir) Китакюсю қаласында (Жапония) өткен халықаралық рейтингтік турнирде бірінші орын алды.

Жарысқа 48 елден 180 спортшы қатысты. Екінші орынды АҚШ өкілі жеңсе, үздік үштікті Жапония түйіндеді. 

Айта кетейік, спорттың бұл түрі бүгінде елімізде қарқынды дамып келеді. Брейкинг - көшедегі динамикалық акробатикалық би. 2020 жылы ол ресми түрде олимпиадалық тәптіп ретінде танылып, 2024 жылы Парижде өтетін ойындар бағдарламасына енгізілді.

Ал Қазақстан құрамасының өкілдері халықаралық аренада үздіктердің бірі саналатындықтан Олимпиада ойындарында артылып отырған үміт зор екенін атап өтті.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Спортты дамыту дирекциясы (@drs_kz)

EL.KZ
Бөлісу: