Амфиприондар немесе клоун-балық

22 Қазан 2015, 03:20

Клоун-балықтар немесе амфиприондар көбіне-көп аквариум балықтары ретінде танымал. Әлем суларында амфиприонның 28 түрі кездеседі.

«Немоны іздеу» («Finding Nemo») анимациялық фильмін көрмеген адам кемде-кем. Өзінің қызыққұмарлығының кесірінен қиын жағдайға түсіп, қайратты мінезі мен белсенділігінің арқасында теңіздегі туыстарына қайта қосылған Немо ешбір көрерменді бейжай қалдырмайды. Алайда Немо мен оның туыстары шынайы өмірде клоун-балықтар деп аталатынын біреу білсе, біреу білмейді. Бүгін осы ерекше балық түріне қысқаша шолу жасаймыз.

Клоун-балықтар немесе амфиприондар көбіне-көп аквариум балықтары ретінде танымал. Әлем суларында амфиприонның  28 түрі кездеседі.

Амфиприондардың сыртқы түрі

Клоун-балықтар жарқын түсімен ғана емес, сондай-ақ денесінің формасымен де ерекшеленеді. Олардың арқа сүйегі қысқа, кеудесі жалпақ келеді. Бұл балықтарда жалғыз арқа жүзбеқанаты болады, оның басына жақын жағы тікенді де, басқа жағы, керісінше, жұмсақтау.

Амфиприондардың дене ұзындығы 15 пен 20 сантиметр аралығында. Клоун-балықтың терісі шырышты келеді. Бұл оны актинийдің күйдіргіш жасушаларынан сақтайды. Актинийлердің ортасында көп жүретіндіктен клон-балық үшін өте маңызды қасиет. Амфиприондардың терісінде әртүрлі түс жарқын түстер кездеседі: сары, көк, ақ, сарғылт.

Клоун-балықтар тек аквариумда емес, сонымен қатар табиғи ортада да өмір сүреді. Оларды Тынық және Үнді мұхиттардың тропикалық суларынан көруге болады. Бұл балықтар маржан рифтерінде актинийлермен етене өмір сүреді.

 Амфиприондардың өмір сүру амалы мен қорегі

 Өмір сүру амалы бойынша амфиприонда не жұп болып, не үйір болып жүреді. Егер бұл балықтар топ болып өмір сүрсе, олар қатаң иерархияға бағынады. Үйірдің басшысы – әрдайым ең ірі аналық балық. Сонымен қатар, клоун-балықтар, кішкентайлығына қарамастан, өте батыл келеді. Олар өздері мекендейтін жерді белсенді түрде қорғап, «шақырылмаған қонақтарды» қуып отырады.

Клоун-балықтар зоопланктондармен және микроскопиялық балдырлармен қоректенеді. Сонымен қатар амфиприондар актинийлерден қалған қалдықтарды жей алады. Актиний бұл балықтың өмірде маңызды рөл атқарады: актиний ішінде амфиприондар жауларынан қорғана алады және қоректенеді.   

Амфиприондардың көбеюі

Ұрпақ жалғастыруға келгенде, амфиприондардан өте сирек кездесетін сирек жағдайды аңғаруға болады. Клоун-балықтарды дүниеге аталық балықтар әкеледі. Тек белгілі бір жас пен көлемге жеткеннен соң ғана аталық балық аналыққа айналады. Алайда табиғи ортада амфиприондар үйірінде тек жалғыз аналық, яғни басшы болады. Ол физикалық және гормондық деңгейде аталықтың аналыққа айналуын болдырмайды.

Бір маусымда амфиприондар бірнеше мың уылдырыққа дейін шаша алады. Уылдырық актинийдің жанындағы жалпақ тастарға салынады. Ұрықтың жетілуі 10 күнге созылады.  


Дәурен Омаров

Бөлісу: