Америкадағы банк дағдарысының Қазақстанға әсері қаншалықты болмақ?

18 Наурыз 2023, 12:40 1568

Америкалық The Wall Street Journal басылымының жазуынша JPMorgan және сондағы бірнеше ірі банктер Бірінші Республика Банкін (First Republic Bank) құтқару амалдарын талқылауда деді. Яғни бұл сөз АҚШ-та тағы бір банк дағдарысқа тап болды деуге болатындай. Оған 17 наурызда The Wall Street Journal-ға сілтеме жасаған ИнтерФакс-тың: «АҚШ-тың ірі банктері Silicon Valley Bank-тің жағдайына байланысты клиенттер қаражатының күрт кетуіне тап болған қаржы институтын қолдау үшін Бірінші Республика Банкіне капиталды бірлесіп құю мүкіндіктерін қарастыруда», - деген ақпаратын негізге алуға болады.

Аталған газет дереккөздері бойынша, JPMorgan Chase & Co. (SPB: JPM) Citigroup Inc. (SPB:C), Bank of America Corp. (SPB: B.A.C.), Wells Fargo & Co. (SPB: WFC), сондай-ақ Morgan Stanley (SPB: MS), Goldman Sachs Group (SPB: GS) Inc., U.S. Bancorp (SPB: USB) және PNC Financial Services Group (SPB: PNC) Inc. қаржы компанияларымен бірге Бірінші Республика Банкін құтқару нұсқаларын талқылайды. Банкті дағдарыстан құтқару жайлы бірлескен іс-қимыл жоспары алдағы бейсенбі күні жариялануы мүмкін, дейді дереккөздер.

Осыдан бір күн бұрын Bloomberg агенттігі өзінің сенімді дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Бірінші Республика Банкі бизнесті басқа стратегиялық нұсқалармен бірге сатуды қарастырып жатқанын хабарлаған болатын.

S&P Global Ratings және Fitch Ratings рейтинг агенттіктері осыдан екі күн бұрын (сәрсенбі күні) банктегі депозиттерден қаражаттың кетуіне байланысты Бірінші Республика Банкінің рейтингтерін алыпсатарлық санат деңгейіне дейін төмендетті. Ал, бұдан бұрын, апта басында Moody's оның рейтингтерін төмендету мақсатын қайта қарау үшін қаржылық шолуға орналастырған болатын.

Жексенбіде Банк өзінің қаржылық жағдайын Федералдық резерв жүйесі (FRS) мен JPMorgan Chase & Co.-дан «қосымша өтімділікпен» нығайтқанын және 70 млрд доллардан астам қаржылай ресурстарға ие болғанын айтқан. Сонымен қатар, Бірінші Республика Банкі, жаңадан бастаушыларды несиелеуге бағытталған американдық реттеушілер, жабылған Silicon Valley банкінен айырмашылығы, ондағы мұндай клиенттердің шоттарының үлесі аз және шамамен 9% құрайтынын айтты.

Мысалы, 8 наурызда ғана 21 млрд доллар болған Бірінші Республика Банкінің капиталдандырылуы бейсенбіде 5 млрд долларға дейін төмендеді. Банк акциялары сектордың ірі өкілдерінің ықтимал көмегі туралы жаңалықтардың құлдырауын біршама төмендетті, Астана уақыты бойынша 22:30-дағы мәлеметтерге сәйкес, олардың құлдырауы бір күн ішінде 30%-ға жетіп, бағасы 14%-дан да азайды.

The Wall Street Journal мәліметінше, Бірінші Республика Банкінің топ-менеджерлері осы жылдың басынан бері жалпы сомасы 11,8 млн долларға акцияларын сатқан.

Бұған дейін, Қаржы реттеушісі жариялаған мәліметтерге сәйкес, АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінен банктердің төтенше жағдайда қарыз алуының жалпы көлемі соңғы 7 күн ішінде рекордтық 164,8 млрд долларға жетті.

Ал бұның алдындағы рекордтық көрсеткіш 2008 жылғы қаржылық дағдарыс кезінде болып, ол шамамен 111 млрд долларды құрады. Сонымен қатар, АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің мәліметі бойынша, Америка Құрама Штаттарының қаржылық реттеушісі Silicon Valley банкі мен Signature банкінің күйреуімен байланысты жағдайды шешуге шамамен 142,8 млрд доллар жіберген болатын.

АҚШ-та басталып жатқан банктер дағдарысының Қазақстанға әсері қалай болады деген заңды сауал туары сөзсіз. Биылғы дағдарысты 2008 жылғы жағдаймен салыстыра алмаймыз. Өйткені ол кезде дағдарыс орын алады дегенге ешкім сенген жоқ болатын. Американың өзі де сенбеген еді. Бірақ ол көбіне кредиттік несиенің жиналып қалғанынан, азаматтардың сол кредиттерін қайтармай қоюынан, ипотекалық дағдарыстың салдарынан орын алған еді.

Сол кездегі Еуропадағы банктердің де жағдайларының мүшкіл болып кетуі Қазақстанға да өз әсерін тигізген еді. Өйткені Қазақстан ол кезде еуропа елдерінен өте көп көлемде доллармен қарыз алатын. Соның салдарынан әлемде  басталған қаржы дағдарысының бір ұшы бізге де тиген еді.

Ал қазір бізде жағдай кішкене басқаша, Үкімет қаржы жағын бақылауда ұстап отыр деуге болады. Бізде қазір екінші деңгейдегі банктер шетелден бұрынғыдай доллармен көп қарыз алмайды. Сондықтан бұл жағдай көп әсер ете қояды деп айту қиын. Оның үстіне Америка қазір осы мәселеге - банктердің банкрот болуына бірден көңіл бөліп, себеп-салдарын тез арада анықтауға көшті және сонымен күресу үшін бірден мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асырып жатқанын атап өту керек.

Енді алдағы уақытта АҚШ доллары мен Қазақстан теңгесінің ара қатынасы қандай болмақ дегенге тоқталып көрейік.

2023 жылғы наурыз айында валюта айырбастау курсы өте ауыспалы болып тұр. Тіпті бір күннің ішінде «мың құбылып тұр» десек те болады. Мысалы таңертең басқа баға болса, кешке басқа курс болып тұр. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 457 теңге, сатып алу – 461 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 457 теңге болса, сатып алу – 460,5 теңге болып, доллар қарағанда теңге қайта күшейе бастады. Осыдан кейін алдағы күндерге нақты жауап беру тұрмақ, болжам жасаудың өзі қиын.

Мұның барлығын белгілі бір дәрежеде Ұлттық банк қадағалап, трансферттер жасағанда оның біраз бөлігіне осы жерден теңге сатып алып жатыр. Осы арқылы белгілі бір дәрежеде теңгенің құнын арттыруға ықпал етіп отыр деуге негіз бар. Сондықтан ондай фактор болып жатса, онда теңгеміз қатты әлсіремеуі мүмкін, - дейді экономикалық сарапшы Мақсат Халық.

Дегенмен де тек қана Америка емес, Еуропада да экономикалық дағдарыс орын алып отырғандықтан, біздің экономикаға тікелей аса ауыр соққы болатындай қауіп жоқ деуге болады. Экономикалық сарапшылар да шетелдегі аталған мәселелер Қазақстан банктерінің жұмысына аса көп кедергі келтірмейді деген пікірде.

Біздің банктер сыртқы қазынашылық нарыққа көп араласа бермейді. Оларға 4-5% деген кірістілік мүлде қызық емес. Ішкі нарыққа (халыққа, бизнеске) кредит беруден анағұрлым көп пайда табады. Сондықтан, нақты біздің қаржы жүйемізге ешқандай қауіп жоқ. Керісінше, ФРС ставкасы өсіп, Ұлттық Қор жаңа трежеристер сатып алса, кірісіміз артады, - деп позитивті пікір білдіреді, экономикалық сарапшы Айбар Олжаев.

Американың қаржы секторы мұндай жағдайларға қалай тап болуда? Әлде бұл банк дағдарысы әлем экономикасында түбегейлі өзгерістер жасау үшін қолдан жасалып отырған шара ма?

Қазіргі уақытта Америкада орын алып жатқан бірнеше банктердің жабылып қалу сценарийінің өзі әлемде рецессияның басталып кетуінің қаупі бар деген сөз. Америкада қазірдің өзінде рецессия басталып жатыр деуге негіз бар. Өйткені оны бұған дейін Халықаралық валюталық қоры (ХВҚ) да жылдың басында-ақ болжаған еді. Американың да, Еуропаның да, тіпті Қытай экономикасы да осы жылы рецессиялық жағдайда болады деп болжаған еді. Міне, сол болжамдар қазір шындыққа айналып жатқан жағдайды көрсетеді, - дейді, экономист Мақсат Халық.

Бұл отандық экономикалық сарапшы Мақсат Халықтың эксклюзивті сұхбатын алдағы уақытта El.kz ақпараттық порталына жариялайтын боламыз.

Жалпы Америка Құрама Штаттарында соңғы уақытта орын алып отырған қаржы дағдарысы жайлы бұған дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономикалық зерттеулер орталығының директоры, PhD доктор Шалқар Аманжолұлы Болысбаевпен болған сұхбатымызда да сөз қылған болатынбыз.

Америкада қаржылық дағдарыс шынымен басталды ма және бұл бүкіл әлемге әсер ете ме? Бұл сауалдардың жауабын алдағы уақытта білетін боламыз.

Дәурен Мақсұтханұлы
Бөлісу: