Амангелді Исенов Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі қызметіне тағайындалды

Бүгiн, 11:20 201

Бүгін Сенат депутаттарының шешімімен Амангелді Исенов Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Баяндаманы Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов оқыды.

Қаржы және бюджет комитеті өз отырысында Жоғары монополияға қарсы комитеттің мүшелігіне Амангелді Исеновтің кандидатурасын талқылады. Ол 2000 жылдан бері мемлекеттік қызметте. 2004 жылдан бастап квазимемлекеттік сектор құрылымдарында экономика және қаржы мәселелері бойынша басшылық қызметтерді атқарған. 2017-2022 жылдары Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары болды. 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан Даму банкі басқарма төрағасының орынбасары болды, – деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Амангелді Исеновтің қаржы секторында, мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда басшылық қызметтерде нәтижелі жұмыс істеп, өзін білікті маман ретінде көрсете білгенін атап өтті.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: