Amanat партиясы президенттікке үміткер ретінде Тоқаевты ұсынды

6 Қазан 2022, 10:38 1241

Бұл туралы партияның кезектен тыс XXIV съезінде айтылды

AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылды, деп хабарлайды El.kz

AMANAT партиясының және ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бүгінгі реформалардың басты мақсаты әділеттілік, теңдік, бірлік принциптерін орнықтыру екенін баса айтты. 

«Біз өткенге кері қайтпауымыз керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан, президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын!», - деді Ерлан Қошанов.


Бөлісу: