Ғалымдар тісжегіге қарсы дәрі ойлап тапты

27 Сәуір 2016, 08:32

Тісжегіден қорғану

Тісжегіден қорғану үшін дәрі қабылдауға болады дегенді бұрын-соңды естімеген боларсыз. Флорида университетінің (University of Florida) зерттеушілері ауыз қуысындағы тісжегінің жайылуына тосқауыл болатын пробиотикалық таблеткалар ойлап тапты.

Дені сау адамдардың ауыз қуысы бейтарап болады. Егер ауыз қуысында қышқылдың көлемі артса, онда тісжегі ақырындап ұлғая береді. Қазір тісжегі адамдар арасында ең көп тараған (93%) ауру ретінде саналады.  

 

Адамдардағы тіс тасының түйінін зерттеген ғалымдар іріңдеуге әкеліп соғатын жаңа қоздырғыш бактерия бар екенін анықтаған. Бұрындары А12 атанған бактерия зиянды микроағзалардың түзілуіне себепші болған. Олар сүтті қышқылды түзіп, pH құрамын өзгерту арқылы ауыз қуысында тісжегінің пайда болуына және тез өрбуіне себепші болады.

 

Зерттеушілер бұл жолы А12 тек қышқылды бейтараптандырып қана қоймай, аргининде зат алмастырып, іріңдеуге әкеліп соғатын жаңа қоздырғыш бактерияны жоюға болатынын анықтады.

Мамандардың дәлелдеуінше олар ашқан жаңалық pH құрамын сақтай отырып, пробиотикалық қоспаны жасауға мүмкіндік берді. Ол қоспаны медицинада тәжірибе жүзінде іске асырмас бұрын клиникалық сынақтан өткізу керек.

 

Зерттеу тобының басшысы Марселя Насиментудың (Marcelle Nascimento) айтуынша, болашақта эксперимент сәтті болып жатса, А12 пайдалы бактериялардың санын арттыруға септігін тигізеді. Ол ауыз қуысында болатын аурулардың алдын алып, диагностика жасауға әрі емдеу мен аурудың алдын алу жолдарын әлдеқайда жеңілдетеді.


Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу: