16 Наурыз 2016, 04:30
Чикаго Университеті ғалымдарының зерттеуі бойынша, демалыс күні әдеттегіден ұзағырақ ұйықтау – сусамыр (диабет) ауыруына шалдығудан сақтайды.
Олар мұндай шешімге келмес бұрын дені сау, артық салмағы жоқ он тоғыз жігітті таңдап алады. Зертеудің бірінші бөлігінде оларға төрт тәулік бойы күніне 8,5 сағаттан, ал одан кейін 4,5 сағаттан ғана ұйықтауға кеңес береді. Осыдан кейін зерттеуге қатысушылар екі тәулік бойы қалағандарынша ұйықтайды. Ұйқының ұзақтығы орташа есеппен алғанда 9,7 сағатты құраған.
Осыдан кейін зерттеуге қатысушылардан инсулинге сезімталдығы мен сусамыр ауыруына бейімділігін тексереді. Зерттеу қорытындысы таңғаларлық. Төрт күн бойы дұрыс ұйықтамаған еріктілердің инсулинге деген сезімталдығы 23 пайызға азайса, сусамырға шалдығу қаупі 16 пайызға өскен. Алайда, олар ұйқыларын қандырған екі күн ішінде бұл көрсеткіш қалпына келген.
Ғалымдардың пікірінше бұл адамзат үшін үлкен жаңалық болуы мүмкін. Заманауи қоғамда өмір сүргендіктен, уақыт тапшылығына байланысты көп адамдардың ұйқылары қысқа, демалатын уақыты аз. Бір тәулік бойы ұйықтамаған адамның өзінде кейбір гормондар жұмыс істеуін тоқтатады.
Қандай адамдарға ұзақ ұйқы қажет?
Мұндай жағдайларда бір тәулікке дейін ұйықтау денсаулығыңызға жағымды әсер етеді. Бұл уақыт аралығында ағзаңыз қалпына келіп үлгереді.
Егер сіз бұл тізімнің арасынан өзіңізде бар белгілерді көрмесеңіз, ұзақ ұйықтауға қызықпаңыз. Өйткені оның пайдалы тұстарымен қатар, зияны да бар.
Ұзақ ұйықтаудың адам ағзасына зияны:
Қалай болғанда да, әр адам өз ағзасын сезіне білгені дұрыс. Көп жағдайда ерте ұйықтап, ерте оянатын адамдардың еңбегі де өнімді, дені де сау болады. Ата-бабаларымыз көне заманда-ақ: «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», - деп бекер айтып кетпесе керек.
Орындаған Рүстем ӘЛПИ