Алуа Балқыбекова әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бүгiн, 02:33 464

Сербияда бокстан әйелдер арасында басталған әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар жарыс жолына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

50 келіде шаршы алаңға шыққан Алуа Балқыбекова кениялық Нзиваны 5:0 есебімен жеңді. Келесі айналымда Алуа марокколық Мутаккимен сынға түспек. Отандасымыз енді 11 наурыз күні шаршы алаңға көтеріледі. 

Бұл екі боксшы бұған дейін жарыстарда өзара кездеспеген. Дегенмен, қос саңлақ спортшы Үндістанда өткен әлем біріншілігінде 48 келіде қола жүлдегер атанған болатын. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: